«ЕІСКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ» АЯСЫНДА ШОЛАҚҚОРҒАНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер С.Ертаев пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ж.Төлепбергенов Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында сайлаушылардың үйлерін аралай жүріп, «Есіктен есікке" акциясы аясында партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Белсенді еріктілермен бірлесіп, партияның арнайы үгіт-насихат материалдарын таратып, партияның 5 жылға бекіткен сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлаушыларды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
