Перейти к содержимому

«eGov-та» уақыттың өзгеруіне байланысты ақау шықты

Уақыттың өзгеруіне байланысты «eGov» порталында ақаулар пайда болды. 

Еліміз біріңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтардың электронды құжатында туған күні өзгеріп кеткен.

«eGov» сайты мен қолданбасында, сондай-ақ белгілі банктердің бірінде «Цифрлық құжаттар» бөлімінде азаматтардың туған датасы бір күнге артқа шегерілген.

Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкент пен тағы 12 облыста байқалып отыр.

@qazaqstantv

0
0
1354

Еще по теме

«eGov-та» уақыттың өзгеруіне байланысты ақау шықты - Yvision.kz