Перейти к содержимому

"Егемен Қазақстан" тарихы

   Ел арасында елеулі болған «Егемен Қазақстан» газетінің тарихы өткен ғасырдың алғашқы ширегінен бастау алады. Нақтырақ айтсам, 1919 жылдың 17 қаңтарында Орынбор қаласында алғашқы саны жарық көре бастайды. Тырнақ алды мақалалары «Ұшқын» газетінің атынмен жарияланады. Кейіннен газеттің аты «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Еңбекшіл қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» деп өзгертіліп отырды.  Ең соңғы атауымен 54 жыл бойы көпшілікке жол тартып жүреді. Еліміздің тәуелсіздік алар шағында газеттің аты қайтадан өзгертіліп «Егеменді Қазақстан» деп аталады. Бұл кездегі газеттің редакторы  халыққа кеңінен таралып, адамдарға ерекше ой салатын «Бір кем дүние» кітабының авторы Шерхан Мұртаза еді. Кейіннен лингвистердің талқылауына ұшыраған газет атындағы «-ді» жұрнағы алынып «Егемен Қазақстан» болып өзгертіліп, қазіргі күнге дейін сол атымен оқырманға жол тартуда. Тәуелсіздік жылдарынан кейін еліміздің астаналарымен қатар газет редакциясыда ауысып отырды. Газетті құрылымына қарай экономика, мәдениет пен руханият, саясат, білім және спорт сияқты бөлімдер құрады. 2016 жылдан бастап газеттің дизайны өзгеріп түрлі-түсті форматта шыға бастады. Газет тек басылым ретінде ғана емес, сайт ретінде де көпшілікке қолжетімді. Сайттың мақалалар жарияланатын беті, суреттерді сақтайтын мұрағы, орыс және ағылшын тілдерінде де қолжетімді. Көне нұсқасын іздеушілер үшін арнайы төте жазумен жазылған нұсқалары сақталған сайты да бар. Газеттің тағы бір ерекшелігі тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Туркия, Иран, Қытай сияқты елдер де жарияланған ақпараттарға қолжетімділік қарастырылған. Сонымен қатар ақпараттың жылдам таралатын көзі әлеуметтік желілерде де халықты жаңалықтардан хабардан қылып отырады. Редакторларының қатарынан ел арасында аты танылған, әдебиетіміздің саңлақтары болған. Атап айтсам, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев сынды жазушыларымыз газетте басшылық қызметінде болды.Басылымда жұмыс істейтін журналистерде көптеген марапаттарға ие жандар. Халқымыздың қандай салада болсын көзінің ашылуына өз үлесін қосқан бұл газет оқырман арасында әлі де сұранысқа ие басылымдардың бірі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті 1-курс

Ерболат Қастер

Жетекшісі: фил.ғ.к.,доцент Р.Жақсылықбаева

0
0
570

Еще по теме

"Егемен Қазақстан" тарихы - Yvision.kz