“Егемен Қазақстан” газеті
Республикалық бірден-бір ұлттық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Бүгінде ол еліміздегі таралымы ең көп газет болып отыр.Ал уақыт өте келе 1993жылы [Егемен Қазақстан]болып бір жолата орнықты.
Екі жылдан бері 200 мың дананың үстінде тираж алып келе жатқан газеттің күні бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолы республикамыздың тарихымен үндесіп жатыр. Қазір газет еліміздің барлық облыстарының орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Біз республикалық газеттің тарихын айтқанда, заманында ұлтымыздың ұстыны, халқымыздың мақтанышы болған көптеген толымды тұлғалардың есімдерін еске оралады. Сонау 1919 жылы жарыққа шыққан «Ұшқыннан» бастап, бүгінгі «Егемен Қазақстанға» дейінгі аралықта газеттің кешегісі мен бүгінгісіне қызмет еткен қарымды қайраткерлердің қатарында Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлттың біртуар азаматтары бар.Нұрсұлтан Назарбаев басылымға,отанымыздың бас газеті деген баға берген. Елдің бас қаласы ауысқан сайын ұлттың бас басылымының шығатын орны да Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана болып ауысып жатты. Алайда, газеттің елдің өңіріндегі орны өзгергенімен, елдің өміріндегі орны, халықтың көңіліндегі орны өзгерген жоқ.Саны көп емес,сапасы газеттер толықтырылу қажет.Егемен Қазақстан газет әлі күнге дейін есімізде.Газет халықтың көзі,һәм құлағы деп Ахмет Байтұрсынұлы бос айтпаса керек..
Хабибулла Айдана
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің
1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Р. Жақсылықбаева