ЕҢ ЖАС ҮМІТКЕР АҚСАҚАЛДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін «NurOtan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттардың ішіндегі ең жасы, Шардара аудандық "Jas Otan" Жастар қанатының төрағасы Нұрболат Ділдәбек Шардара ауданында еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасылармен кездесу өткізді.
Үміткер осы кездесулер барысында өзінің ұстазы, саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардагер ұстаз М.Мұңалбаев ақсақалдың шаңырағында болып, еліміздің өткені, бүгіні, келешегі жайлы әңгіме-дүкен құрды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттай келген шәкіртіне ардагер ұстаз ақ батасын берді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
