ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ НЕСИЕЛЕРІ МЕН ДЕПОЗИТТЕР
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қаржы орталығы» АҚ бірлесе отырып оқу ақысы сынды мәселенің шешімін тапты. Енді кез келген адам білім алу мақсатында банктен несие ала алады. Мұнымен қатар, еліміздегі жеке тұлғалар өзі үшін немесе бала-шағасына арнап жинақ қорын аша алады. Шотқа салынып, жиналған қаражат болашақта білім алуға, оқу ақысын төлеуге жұмсалады.
Келесі оқу семестрінің ақысын қалай төлеуді білмесеңіз, студенттерге арналған білім несиелері бар екенін жадыңызда ұстаңыз. Ал кішкентай балаларыңыздың болашағына алаңдайтын болсаңыз, қазірден бастап білім беру мақсатында бүлдіршіндердің атына депозит ашсаңыз болады.
Білім беру несиесі
«Қаржы орталығы» АҚ кепілдік беретін Студенттік білім беру несиесін тек талапкерлер ғана емес, отандық жоғары оқу орындарында кез келген оқу формасы бойынша білім алып жатқан студенттер де ала алады (магистрлік бойынша да).
Несиелендіру талаптары:
1. Несие студенттің өз атына, әріптес банктердің бірінде рәсімделеді
2. Несие сомасына шек жоқ
3. Несие алу барысында кепілдік талап етілмейді
4. Шарт жасасу барысында «Қаржы орталығы» АҚ кепіл болады
5. Несие 12 жылға дейін беріледі
6. Жоғары оқу орнын бітірген соң 6 айдың ішінде несиені толық төлеп тастауға мүмкіндік бар
7. «Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлері несиені рәсімдеу барысында кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
Білім беру депозиттері
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – республикамыздың кез келген азаматына жинақ қорын ашып, оны болашақта Қазақстан немесе шет елдегі кәсіби-техникалық және жоғары білім алу барысында жұмсауға берілген үлкен мүмкіндік.
Жинақтау талаптары:
1. Білім беру депозитіне банк 14 пайыздық сыйақы мөлшерлемесін белгілеген. Жылына 5 немесе 7 пайыз мемлекеттік сыйақы түседі (жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балалар, мүгедек, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларға басымдық береді).
2. Ең төменгі алғашқы жарна 3 АЕК (6807 теңге).
3. Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.
Білім беру жинақтау депозитінің ерекшелігі – салық салынбайтыны мен мемлекет тарапынан сыйақы тағайындалғаны. Депозит төлемдеріне мемлекет кепілдік береді (жеке тұлғалардың 10 млн теңгеге дейінгі депозитіне міндетті кепілдік беріледі).
Толық ақпарат алу үшін www.fincenter.kz сайтына кіріп немесе: 8 800 080 2828 жедел желісіне хабарласып біле аласыздар.

