Перейти к содержимому
Обложка сообщества NPO_Academy

ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІН «ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: ҚЫЗМЕТТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ» ОФЛАЙН ТРЕНИНГ

СТАРТЕГИЯЛЫҚ КӨРІНІСТІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ БІЛГІНІЗ КЕЛЕ МЕ?

«Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «ҮЕҰ академиясы» жобасы аясында

ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІН «ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: ҚЫЗМЕТТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ» ОФЛАЙН ТРЕНИНГІНЕ ШАҚЫРАДЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА

29, 30, 31 наурызда 2023 ж., сағат 10.00-ден «Достық үйі» ғимараты, 2 қабат, конференц-зал

Тренингтің мақсаты: ҮЕҰ өкілдерін «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің арнайы курсы бойынша оқыту

Өткізу тілі: қазақша (қажет болған жағдайда орыс тіліне аудару)

Сіз ҮЕҰ-ның қазіргі жағдайын өздігінен диагностикалауды, ҮЕҰ-ды дамытудың стратегиялық жоспарын, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың жол картасын және әлеуметтік жобаны әзірлеуді үйренесіз. Сіз өзіңіздің әлеуметтік жобаңызды «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» жобасы аясындағы әлеуметтік идеялар байқауының іріктеу кезеңіне ұсына аласыз (жеңімпаздар грант алады). Тындаушылар жұмысының нәтижелерін (стратегиялық жоспарлар мен әлеуметтік жобалардың презентациялары) ӘКМ сарапшылары бағалайды және сізге кеңес береді.

ҮЕҰ Академиясының жоба тренері - Арман Ақбердиев, «Даму» қорының бизнес-тренері, «Атамекен» ҰКП бизнес-кеңесшісі, ADS Business Group қалаушысы.

ҮЕҰ өкілдері үшін ғана, ТӨЛЕМСІЗ, ҮЕҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВЕБ-САЙТЫНДА / МОБИЛЬДІ ҚОЛДАНБАСЫНА алдын ала тіркелу қажет https://academy-ngo.kz/, «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін таңдау керек.

Барлық сұрақтар бойынша 8 701 7305411 (WhatsApp) нөміріне хабарласыңыз.

Мобильді қосымшада тіркелу үшін: https://academy-ngo.kz/register/

*Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызға жазылыңыз:

www.instagram.com/academy_npo/

https://www.facebook.com/academynpo/

@aiu_astana

https://www.aiu.edu.kz

#НПОАкадемия #НПО #НПОкурсы #academyNGO #Өреліұрпақ #aiu_astana

0
0
671

Еще по теме