«ҮЕҰ» ӨКІЛДЕРІМЕН ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
20.11.2020 жылы тікелей эфирде «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы» бойынша ҮЕҰ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы – Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы, аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы – Маткеримов Өтепбай Амалбекұлы, аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінің редакторы Қалтаев Марат Сейдуалыұлы және ардагер мемлекеттік қызметкерлер мен ішкі саясат бөлімі мамандары қатысуымен өткізілді. Бұл іс-шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы ауданымызда 10800 зейнеткер болса, соның 800 ардагерлер кеңесіне мүше болып тіркелген. Ардагерлер Кеңесі құрылуының мақсаты – елімізде ынтымақты қалыптастыру, жастарға рухани тәрбие беру, ұлттық дәстүрлерді нақыштау болып табылады деді. Ардагерлер Кеңесінің ұйытқы болуымен барлық мектеп ошақтарында әкелер мектебі құрылған болатын. Оны құрудың себебі отбасындағы әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсету, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасту күшейту болып табылады. Бұл бағытта әр түрлі жиындар, отырыстар өткізілген. Сонымен қатар сайлау науқаны кезеңдерінде ардагерлер партия мүшелері болып табылғандықтан, үгіт-насихат кезеңдерін өткізуге ат салысып, сайлаушыларды дауыс беруге шақырады. Пандемия кезеңінде халықты сақтыққа шақырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөнінде де бірқатар жиындар өткізгендін айтып, сөзін аяқтады. Бұрын ел арасындағы түрлі түйіткілді мәселелер мен дау-дамайларды аузы дуалы ақсақалдар бір ауыз сөзбен шешсе, қазір сол ақсақалдардың орнын қоғамдық кеңес басты. Көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, елдің мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы орындарға жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі зор. Қоғамдық кеңес бұл – ел ішіндегі түрлі саладағы мәселелерді талқылау алаңы, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизм. Былайша айтқанда, егер монополистер тарифті көтеруге шешім қабылдаса, ол бірінші қоғамдық кеңестің талқылануына түседі, ал кеңес мүшелері осы бойынша жұртшылықтың пікірін ескеріп қана өз шешімдерін айтады. Осы мақсатта аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Өтепбай Амалбекұлы Түлкібас ауданында 15 а/о болса, сонда 15 үлгілі ақсақалдар Кеңеске төрағалық ететіндігін жеткізді. Біз көбіне ұлтаралық мәселеге және мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлеміз. Себебі Түлкібас ауданында әр түрлі ұлт өкілдері өмір сүруде. Солардың 80% қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ елінде өмір сүретінін мақтан тұтатындығын жеткізді. Сонымен қатар, қазақ елінің қазақ болып, мемлекет болып қалыптасуында Елбасының еңбегі ерен екенін алға тартты. Қазіргі таңда ауданымызда экономиканы дамытуда, табиғатты қалпыну келтіру жайында бірқатар жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті. Сөз соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Сағымбекұлы арнайы шақыртылған қонақтарға өз алғысын білдіріп, ауданның одан әрі дамуында қосып келе жатқан үлестерінің биіктен көріне беруіне сәттілік тілеп, бүгінгі отырысты аяқтады.
