Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

E.gоv-игеру мен пайдалану заман талабы

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ақпараттық ғасырдың кез келген жаңалығы үнемділікпен астасып жататындығы белгілі. Қандай сала болмасын аз уақыт, аз ресурс, аз энергия шығындап, мол өнім, көп нәтижеге қол жеткізуге тырысып, соған баса назар аударып жатады. Ғасыр инновацияларының өзі де осыған негізделетіні айдан анық. Яғни, заманауи дамудағы қоғам сұранысын тудыратын басты талаптардың бірі - уақыт үнемшілдігі. Міне, осындай әлемдік ауқымда жүргізіліп жатқан заманауи үрдіс пен өркениеттің жаңа көшінен Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда елімізде қоғамның барлық саласында ақпараттандыру үрдісі қызу жүруде. Электрондық үкімет - соның жарқын көрінісі. Электрондық үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі. Электрондық үкіметтің көмегімен Сіз:

мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу және т.б.;

коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;

өтініш беру және лицензия алу;

бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.

 
0
0
306

Еще по теме

E.gоv-игеру мен пайдалану заман талабы - Yvision.kz