ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ
"AMANAT" партиясының мобильді қабылдауы аясында "AMANAT" партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Б.Қуанәлиев, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Т.Кадимов, "Халыққа қызмет көрсету оралығы" АҚ аудандық филиалының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Р.Шагирова және Ұзынкөл ауылдық округі әкімі Б.Шарафутдинов Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылының тұрғындарымен кездесіп, қабылдаулар өткізді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері: ауыз су мәселесі, медициналық пунктін ашу, қаңғыбас иттерді жою, ауылға кірме жолын жөндеу бағытында сұрақтар қойды. Қабылдауға келген тұлғалар ауыл тұрғындарының топтық та, жекелей қойған сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

