ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Тұңғыш Президент күніне орай "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақтанның даму жолында атқарған қызметі тақыланды.
- Тоқсаныншы жылдардың басы, Қазақстан Республикасы ешкімге белгісіз, әлем картасында белгіленбеген. 30 жылдан уақыт ішінде біздің еліміз сенімді көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен болашаққа нық сеніммен қарайтын, нағыз мықты және сенімді мемлекетке айналды. Білімді жастарды тәрбиелеу мақсатында зияткерлік мектептер, сонымен қатар, жастар «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елде оқу мүмкіндіктерін алды. Кәсіпкерліктерге қолайлы атмосфера қалыптастырылды. Мұғалімдер мен ұстаздардың мәртебесі көтерілді. Қазақстан аумағында бірқатар маңызды әлемдік шаралар ұйымдастырылды. Барлық қамтылған әлеуметтік бағдарламалар, барлық қабылданған заңдар тек халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынды,-деді, Т.Қанатов
Одан әрі, 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» күні мерекесімен құттықтады.
