ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысы «Nur Otan» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық және қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы қызметкерлерімен кездесті.
Шара барысында кандидаттар сала мамандарымен пікір алмасып, түрлі мәселеге қатысты ұсыныс-пікір саралады. Басқосуға ҚР Парламенті мәжіліс депутаттығына үміткер Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнәр Есқалиева, Нұрболат Ибраев, Мағжан Ералиев, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Мұсабаева, Әжібек Мампаев сайлауалды бағдарламаны таныстырды.
«Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтелеуова, үміткерлерді заман ағымына сай талаптарды игерген почта қызметімен таныстырды.
Облыс бойынша 656 адам жұмыс істейді, онда зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алушыларға қалтқысыз қызмет көрсетіледі. Еліміздегі карантиндік жүйеге байланысты, зейнеткерлердің қауіпсіздігі үшін және қызмет сапасын арттыру мақсатында 65 жастан асқан зейнеткерлерге зейнетақыны тікелей үйге жеткізу қызметін атқарушы 4 мобильді топ жұмыс істеді, - деді «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтелеуова,
ҚР Парламенті мәжіліс депутаттығына үміткер Ғалым Әміреев, әлемдік коронавирустық пандемия біздің елдің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізгенін, халықтың қауіпсіздігі басты орында екенін айтты.
«Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады, - деді.
Ал қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Мұсабаева:
- Білім беру саласының төрт сатысы партия бағдарламасында толық қамтылған. Елбасымыз тәуелсіздік алған жылдардан бері білім беру ісіне көңіл бөліп, түрлі бағдарламаның жарыққа шығуына мүмкіндік сыйлады. Сондықтан партия міндетінің басты негізі – білім сапасын арттыру. Қазіргі таңда маңызды саяси науқанның алдында тұрмыз. Әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүрген азаматтар. Оған қоса, сайлауалды бағдарламада түрлі саладағы мәселелер көрсетіліп, шешім жолдары нақтыланған. Сондықтын сенім білдіріп, қолдау танытуларыңызды сұраймын, – деді.
Шара соңында үміткерлер сұрақтарға жауап беріп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, үгіт-насихаттық жадынама таратты.
