ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
Бүгін аудандық ақпараттық топ мүшелері Бөкей ордасы аудандық "AMANAT" партиясы филиалында еңбек ардагерлерімен арнайы кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың" Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауын талқылау, алда келе жатқан Президенттік сайлауы туралы пікірлерін ортаға салу болды. Кездесу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арыстанбеков жүргізді. Жиын барысында әртүрлі салада еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тер төккен еңбек ардагерлері Жолдау туралы пікірлерін жеткізіп, ел Тәуелсіздік алған жылдардан бастап өтіп жатқан сайлаулар туралы ой қозғап, ендігі өтетін саяси доданың маңызына тоқталды. Тақырып бойынша пікір алмасып, үлкен науқанның өтуіне біркісідей атсалысып, әр қазақстандық тұрақтылық, бірлік, бейбітшілік аясына тоғысу қажет екендігін айтып тарқасты.
