ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Мұратсай ауылдық кітапханасында әр салада ауылдың, қала берді ауданның өркендеуіне үлес қосқан еңбек ардагерлері мен ауыл жастарының кездесуі өтті. Кездесуге қатысқан Исатай Дәулетов, Шәпен Дүйсенғалиев, Сапар Бектасов, Мәстура Қабиева сынды ауылдың сыйлы адамдары өздерінің жүріп өткен өткен еңбек жолдарын жастарға баяндап, еңбек татулыққа, ізгілікке, үлкеннің жолын кеспеуге шақырды. Жас буын өкілдері еңбек ардагерлеріне сұрақтарын қойып, ауылдың, елдің дамуы бағытындағы тың мағлұматтар алды.
Сондайқ-ақ шара барысында елімізде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауы туралы сөз қозғалып, баршасы бірауыздан сайлау қатысамыз деген пікірлерін жеткізді. Ауыл үлкендері жастарға ақ жол тілеп, "елдің ертеңі сіздердің қолдарыңызда", - деген ізгі ілтипатын жеткізді.
