Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

дзюдошы Гүлжан Исанова Ташкенттен алтын жүлдемен оралды

Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова

Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент бас жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандықтар көршілес елден 1 алтын жүлдені еншілеп қайтты. 78 келі салмақта Гүлжан Исановаға тең келгендер болмады. Жарыстың күміс жүлдесін біздің жерлесіміз Александра Подрядова (48 келі), «қола» медальді — Назгүл Құбашева (57 келі), Мариан Урдабаева (63 келі) және Альбина Амангелдинова (78 келі) иеленді. Ал ерлер Ташкентте 5-орыннан аса алмады.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
613

Еще по теме

дзюдошы Гүлжан Исанова Ташкенттен алтын жүлдемен оралды - Yvision.kz