Джеки Чан Астанада
Әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан бүгін Астанаға келді. Ол 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады. Шара «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. Айта кету керек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.
Дереккөз: kaztrk
http://kaztrk.kz/news/portal/dzheki-chan-astanaga-keldi-95730
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://kaztrk.kz
