ДОСТЫҚ ҮЙІ ҰЖЫМЫНА ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Облыстық мәслихат депутатына үміткерлер А.Түрікпенбаев және С.Қырымқұлов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Достық үйінің еңбек ұжымымен ZOOM платформасы арқылы онлайн байланысқа шықты.
Үміткерлер бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатқанын атап өтіп, алайда бұл жағдайға "Nur Otan" партиясы тез бейімделіп, уақыт талабына сай үгіт-насихат жұмыстарын онлайн платформаларда, эпидемиологиялық жағдайды ескеріп шаралар жүргізіп жатқанын айтты.
Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелерін жеткізді. Сондай ақ ел тәуелсіздігінің басты жетістіктері - тұрақтылық, бейбітшілік, халықтың бірлігі екенін атап өтіп, Nur Otan партиясына өз дауыстарын беруге ниетті екендіктерін жеткізді.



