Достар!
Кеше аудан дамуының 7 басым бағыттарын жариялауды бастаған едім. Бүгін сол бағдарламаның 4-ші бағыты жастарға арналған аудан бөлімінде атқаратын жұмыстарды таныстыруды жалғастырамын.
📷Жастар – әр мемлекеттің болашағы. Аудандағы жастардың жалпы саны 8089, бұл аудан тұрғындарының жалпы санының 24,8% құрайды.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз етеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
➢ Жастар жұмыссыздығын деңгейі 1,5%-дан 1,3%-ғатөмендетуге, ол үшін 2021-2025 жылдары 150 ден кем емес жастарды жұмыспен қамтуды;
➢ «Жасыл Ел» еңбек отрядтарын ұйымдастыру жолымен жазғы кезеңге жылда 100 жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге;
➢ 2025 жылға дейінТүпқараған ауданында көпсалалы спорттық кешенінде жыл сайын 5 ірі спорттық жарыстар ұйымдастыруға(жекпе жек түрлері: күрес,аудан әкімінің кубогы,кикбоксинг, бокс, дзюдо, самбо, джиу-джитсу және т.б. спорт ойындары);
➢ КВИ таралуының алдын-алу үшін және карантин кезінде жастардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған онлайн-еріктілек бағдарламаларын жүзеге асыру;
Жалғасы бар.
#NurOtan #Bizbirgemiz
Наурызбек Мағдатов
