Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ДОС БИ" ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Сапаров Әбдімүтәліп Мүслімұлы "Дос би" ЖШС ұжымымымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021 жылы 4 ауылдық округте 2023 жылы Келтемашат ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырылып, жарықтандыру жүйелерін орнатылатындығын және (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар Келтемашат ауылдық округінің шақырымдық жолдары орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

"Дос би" ЖШС 1996 жылы құрылған болатын. ЖШС-тің төрағасы - Тлеулесов Асет. Негізгі айналысатын шаруашылығы - ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді және асыл тұқымды ірі қара мал бағады. ЖШС-тің өзінің тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін жеке мини цехы бар. Бұл шаруашылықта тұрақты түрде 70 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда мал қыстату науқаны болып жатыр. Шаруашылық ұжымы бірауыздан NUR OTAN-ды қолдайтындарын айтып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

0
0
172

Еще по теме

"ДОС БИ" ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz