ДОП ДОДАСЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен волейболдан 40 жастан асқан арасында жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қайырғалиева Лариса Тельманқызы, аудан әкімінің бірінші орынбасары Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы, Сайқын ауылдық округі әкімі Омарова Нұргүл Жігерқызы және жарысқа демеушілік жасаған аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Жұмагулова Бибігүл Мұқасқызы қатысты. Жарыс тартысты өтті. Аталмыш жарыста «Аудан әкімдігі» командасы сапында өнер көрсеткен Ерболат Таңатов «Үздік ұйымдастырушы", Жақсылық Байбеков «Үздік ойыншы", Бисембаев Нұрлыбек «Үздік шабуылшы» аталымына ие болды. Жарыс соңында жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар және ақшалай табыс етілді. Жарыс қорытындысы бойынша, 1- орынды "Бисен" ауылдық округінің құрама командасы, 2- орынды "Аудан әкімдігінің" құрама командасы, 3- орынды "М.Мәметова атындағы орта мектептің құрамасы иеленді.
Жарысқа қатысып, белсенділік көрсеткен М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің командасына ынталандыру сыйлығы берілді.
