Дияс «Уимблдонда» Сасновичтен айласын асырды
АСТАНА. ҚазАқпарат — Теннистен Ұлыбританияның ашық чемпионаты — «Уимблдон — 2015» турнирінің екінші кезеңінің матчтары өтіп жатыр.
Осы додада Қазақстан атынан шыққан Зарина Дияс Беларусь теннисшісі Александра Сасновичті 2 сетте 7:5, 6:1 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кезеңде қазақ теннисшісі әлемнің 24-ші ракеткасы Флавиа Пеннетаны тізе бүктірген болатын.

