Дискуссия!
1 желтоқсан күні «Рух пен тіл» жастар ұйымы белгілі адвокат, білікті заңгер Абзал Құспановпен кездесу өткізеді. Қазақстанның қазіргі сот жүйесі, халықтың құқықтық сауаттылығы, адвокаттық қызмет, қоғамдық-саяси оқиғалар және т.б. өзекті тақырыптар жастар жиынында талқыланбақ.
Абзал Құспанов 2000 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттiк заң академиясының прокурорлық-сот факультетiн үздiк тәмамдаған. Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында қызмет атқарды. Соңғы жылдары халыққа құқықтық қызмет көрсету, заңдық кеңес беру мақсатында жеке фирма құрып, кәсiби тәжiрибесiн жетiлдiрген. Қазiр өз бастамасымен қоғамдық бiрлестiк құрып, мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру, қоғам мүшелерiнiң конституциялық құқыларын сауатты қорғау мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жүр.
Сенбілік кездесуге келем деушілерге есігіміз ашық! Қазақ жастарын ұлт мәселесі төңірегінде үн қосуға, пікірлесуге ұсыныстарын айтуға, оны бірге жүзеге асыруға шақырамыз! Өйткені, ұлт мәселесі – барлығымызға ортақ!
Сонымен, кездесу Алматы қаласында, 1 желтоқсанда, сағат 15:00-де.
Мекен-жайы: Қастеев к-сі, 41 А (Қабанбай батыр к-нің қиылысы).
Байланыс тел.: 8 702 585 15 85, 8 771 454 33 67, 8 707 776 79 93
Қонағымызға сұрақ қойғыңыз келсе, сауалыңызды төмендегі пікір білдіру жолына жазып, жолдай аласыз!
Толығырақ: http://rukhpentil.org/?p=1563
