«ДИПЛОММЕН –АУЫЛҒА БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ
Шараға «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы Қайнар Улыкпанов, Ойыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Аралбай Жолдыбаев қатысты. Жастармен кездесуде «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы мен қазіргі уақытта жаңадан қабылданып жатқан жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер турасында толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еркін форматта өткен шарада жастар өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген жұмысқа байланысты сұрақтарын жолдады. Қазіргі таңда оқу орнын жаңадан бітіріп келіп жатқан бірсыпыра жастар «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде түрлі мекемелерде 6 айлық практикадан өтуде. Кездесуде жастарға практикадан өтіп жатқан мекемелерінде белсенділік танытып, өз жұмыстарын көрсету арқылы тұрақты жұмысқа қалуға талпыныс жасау керектігі айтылды. Жоғарда аталған мәселелер бойынша мемлекет тарапынан жастарға арналған оңтайлы мүмкіндіктерден қапы қалмай, өз игіліктеріне пайдаланудың маңызы зор.
