kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

Димаш жарды, жарады!

China Top music Awards жобасында «Азияның ең танымал әншісі» атанған сүйікті ұлымыз Димаш Құдайбергеннің мына сөзін ел жылы қабылдады. Расында, өте әсерлі екен. Тыңдап көрейік. Мүмкін, қазақша айтқан соң, әсерлі болды ма екен!)

«Ассалаумағалейкум, қадірлі көрермен, қымбатты қауым! Өте қатты қуанып отырмын. Әрине, бұл менің шетелде алып тұрған алғашқы үлкен сыйлығым!»

Диапазоны кең, ерекше әнші Димаш, бүкіл халқына,  ата-ана, дос жаранға алғыс білдірді.

Айтпақшы, Димашты, инстаграмда Қайрат Нұртаспен салыстырып жатқандар да болды. Қарсылық білдіріп, екеуін салыстырудың еш қисынға келмейтінін айтқандар да кездесті.

Менің ойымша, Димаш - кәсіби әнші. Басқалары, тойдың әншісі. Той-томалақ, шоу бизнестің деңгейіне түсіп кетпесе деген тілек бар, бізде. Ол енді, Құдай қаласа, уақыттың еншісіндегі мәселе...