Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ – МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕТІН ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДІ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ!

«Қазына» сауда орталығында сайлаушыларға Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы туралы насихаттады.

Мемлекет бүгінде елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отырғандығы жайлы штаб өкілі Қ.Елеусизов түсіндірді. Сонымен қатар «Мемлекет басшысы өз сайлауалды бағдарламасында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле береді. Яғни, кәсіппен айналысамын деген жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Осы арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға болады» – деді сөз алған штаб өкілі М.Садуов.

Кездесу барасында штаб мүшелері сайлаушыларға кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары туралы жазылған таратпа үнпарақтар таратылып, алдағы өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
138

Еще по теме

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ – МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕТІН ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДІ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ! - Yvision.kz