Digital Сурет салу. I Pad Pro керек емес.
Планшетте сурет салуды үйретем дейтін жарнамалар көбейіп кетті. Ал мен небәрі екі жетіде тегін меңгеріп алдым! Сенің де қолыңнан келеді!
Бұл постты бастамас бұрын, сурет салу арзан ләззат емес екенін айта кетейін. Суретшілер мені түсінеді деп ойлаймын: бір бума сапалы қағаздан бастап, бір тюбик сапасыз бояудың өзі арзан дүние емес. Егер сурет салуды өмірлік серігің етуге бел бусаң, профессионалды құралдарға инвестициялау -оған тұрарлық.

Мен планшетті, әсіресе I Pad Pro-ны алуды бұрыннан армандап жүр едім. Бірақ, өзің білесің, қымбат болғандықтан кейінге қалдырып жүргенмін. Қуанышыма орай, осы жаңа жылда күйеуім I pad алып берді, бірақ Pro емес, ең қол жетімдісі деп айтса болады. Не дегенмен, егер мен сияқты енді ғана үйреніп жүрген болсаң - арзан құрылғыдан баста! Ең бастысы күнделікті тәжірибе! Саған керегі кез-келген сурет салуға арналған планшет пен сол құрылғыға арналған қалам.
Негізі, сурет салуға арналған арнайы Wacom сияқты планшеттер бар, бұндай планшеттердің функцмялары тек сурет салу өнеріне байланысты. Интернетте бейнелеу өнері фанаттары Wacom мен I pad-тың ерекшеліктері мен айырмашылығын бөліп жарып пікір-талас жүргізуде. Бірақ мен бүгін тек өз тәжірибеме сүйене кеңес беремін!
1. Ең бірінші саған Procreate қолданбасын планшетіңізге жазып алыңыз. Артта тегін нәрсе жоқ деп айтып кеткенімдей, Procreate 10 $ тұрады, сенің банк картаң құрылғыңда тіркелген болса, автоматты түрде сенің валютаңа конверттейді.
2. Procreate -ті мен кунде сынадым: сурет салуға көңіл күйім болмаса, тек дөңгелектерді салып, не әр түрлі сызықтарды салып қолымды жаттықтырдым.
3. Видеолар көрдім, өзімді басқа суретшілердің өнерімен шабыттандырдым!
4. Суретшілердің digital өнеріне тәнті болып отырғанымда, олардың бояуға арналған қыл қаламдарды сататынын байқадым. Жоқ Procreate -те бәрі бар, бірақ суретшілер ондағы әр түрлі функцияларды өзгертіп, өздеріне ыңғайлы қылқаламдарды шығарып алған. Мәселен денені тегіс бояйтын, немесе шаштың эффектін келтіретін электрондық құралдар. Мен тегін ресурсты таптым, өзіме өте көмектесті. Егер қызық болса, коммент қалдырамыз келесі посста детально көрсетемін.
5. Келесі кеңес қорықпау және басты мақсат қазір тек тәжірибе! Әрқашан іздену. Егер сызықты қалай түзу сызамын десең, дене түсін қалай шынайы етемін десең жауаптырыңды ізде! Қазір интернетте, ютюбта бәрі бар!
Бүгінше осы, егер осы тақырып қызықтыратын жан табылса -менің айтарым көп!

