Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Диалог

Үйдің іші түн ортасы кіргендей, Ояу жатқан жалғыз ғана бір мендей. Мазам қашты, үйіп берген ұстаздың, Тапсырмасын орындауға үлгермей. Қабырғада үлкен сағат тұрды айқын, Ертелі-кеш тоқтамайтын, тынбайтын, Бар өкпемді соған айттым ақыры, Тық-тық етіп бар уақытты ұрлайтын. Сен неге осы әншейінде өтпейсің, Керек кезде ештеңеге жетпейсің, Сенің де айтар өкпе-назың белгілі, "Қадірімді білмейтіндер көп" дейсің. Сағат айтты: келтірсеңде дерек тың, Маған сірә жасай алар бөгет кім? Мен сендерге бос уақытта қажетсіз, Тек қиналып, асыққанда керекпін! Әр сағаты санаулы боп аһ ұрған, Науқастар көп таңды көзбен атырған. Ал ниетсіз оқушы үшін өтпеймін. Сабақ қашан бітеді деп отырған. Жандар көп қой іші пысып еріккен, Жеңіл оймен, ойнап-күліп желіккен. Уақытын босқа өткізген адамдар, Өлерінде өкінеді неліктен? Маған босқа жұмсағанша күшіңді, Пайдасы бар тірлік жаса тұшымды. Уақытыңды босқа өлтіргің келмесе, Уақытында істе әр бәр ісіңді. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" Қадірін біл сені оятқан әр күннің. Тегін емес екендігін ұққайсың, "Алтын уақыт" деп айтқаны халқымның. "Өтінемін қоя тұршы жылжымай" Дедім оған мұңлы үнмен тұнжырай. Сонда сағат сәл ойланып тұрды да, Деді маған "ұйықташы мылжымай"

2
0
212

Еще по теме

Диалог - Yvision.kz