Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕРКӨЛ КЕНТІНЕ ЕМХАНА ҚАЖЕТ

"AMANAT" саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша Парламенттің Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидат Снежанна Имашева мен сайлауалды штабының жетекшісі Мұрат Мұқаев Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесті. Жиында жұртшылық жалқының емес, жалпының мәселесін көтерді. Ең алдымен кентке емхана салып беруді сұрады. Кейін медицина, мәдениет, архив және кітапхана мамандарының жалақысын өсіруді ұсынды. Әйтпесе кентте дәл осындай мамандар жетіспейді. Партия өкілдері саяси ұйымның сайлауалды бесжылдық бағдарламасында өңірде жаңа әлеуметтік және медициналық нысандар салу, халықтың табыс көзін арттыру тетіктері қаралғанын жеткізді. Ал ол бастамаларды жүзеге асыру үшін сайлауда "AMANAT" партиясына дауыс беруге шақырды. #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
140

Еще по теме

ДЕРКӨЛ КЕНТІНЕ ЕМХАНА ҚАЖЕТ - Yvision.kz