Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

Теректі аудандық маслихатындағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, маслихат хатшысы және бөлімдер мен мекеме басшылары қатынасты. Отырыстың күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты "AMANAT" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Теректі ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде аудан әкімі Т.Габдушевтың баяндамасы, сонымен қатар "Қайтадан жасақталған партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы" және "AMANAT" партиясы депутаттарының рейтингісі туралы" аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі М.Ибраевтың хабарламасы тыңдалды.

Партияның Теректі ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы шеңберінде орындалған іс-шаралар айтылып, орындалмау қаупі бар жобалар талқыланды. Жалпы Жол картасында Теректі ауданы бойынша 2021-2025 жылдар аралыңында 129 көрсеткіш белгіленген. Осы көрсеткіштер аясында 2021 жылға 75 шара жоспарланып, жылдың қорытындысында 67 шара орындалып 89% құрап отыр. 2021 жылы орындалмаған (қаржыға байланысты) 8 шара бойынша алдағы уақытта жұмыстану керектігі айтылды. Фракция отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп, шешім қабылданды.

0
0
198

Еще по теме

ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ - Yvision.kz