ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ отырысы.
ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ отырысы.
24 масым 2021 жылы "Nur Otan" партиясы Райымбек ауданы маслихатындағы депутаттық фракция отырыс өтті.
Отырысқа депутаттық фракция мүшелері , аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аудандық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аудандық «Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар» бөлімінің басшысы, аудандық «Хантәңірі» газетінің тілшісі шақырылды.
Жоспар бойынша күн тәртібінде 2-мәселе қаралды
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы» туралы Райымбек ауданының «Денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Т.Ақыловтың есебін тыңдау.
2. «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Райымбек ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Д.Төлегеннің есебін тыңдау.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы» туралы Райымбек ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Т.Ақыловтың есебін тыңдау барысында фракция мүшелері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорттық шараларды ұйымдастыруға және бұқаралық спорт түрлерін кеңінен насихатталсын деген ұсыныс білдірді.
Аудандық «Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар» бөлімінің басшысы М.Нұрмұханбетқызы орындалу мерзімі 29 масымға дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу, E-gov электронды үкімет порталы бойынша брошюралар таратып түсіндірме, насихаттау жұмыстарын жүргізу туралы ұсыным берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша: «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Райымбек ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Д.Төлеген ауданда атқарылып жатырған жұмыстар бойынша есеп берді. Депуттатық фракция мүшелері ауданда жүріп жатырған құрылыс жұмыстары туралы сын ескертпелерді атап өтіп, аудандық «құрлыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы сын ескертпелерді қатаң бақылауға алуды ұсынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң аудандық фракция мүшелері ШЕШІМ шығарды.
📷
📷
📷
📷
📷
11
