Әдепсiз бала — Сорлы бала!!!
Өkiнiшке орай қазiргi таңда "үлкенге құрмет, кiшiге iзет" деген сонау ата бабаларымыздан қалған мақалдың еш мәнi қалмаған iспеттi. Ең қарапайым мысал ретiнде автобусты алсақ қайтедi?! Бiр қарағанда жай автобус болып көрiнетiн көлiктiң iшiнде Индия сериалдарындағыдай шытырман оқиғалар мен қақтығыстар адетке айналып кеткендей. Арине азанымен ұйқын қанбай, қарнын тоймай мазаң қашып әлемнiң барлығын жек көоiп осы бiр сүйкiмсiз автобусқа отырасын! Көлiктiң iшiндегi мың сан адам бочкадағы селедка балықтарына ұқсап бiрiнiң үстiне бiрi мiнгесе тұрады!Ыңғайсыз әрi ауа да жеткiлiксiз, оның үстiне жас жiгiттер мен қыздар ұйықтап қалған сынай танытып алдарында тұрған анасымен, әкесiмен жасты үлкен кiсiлердi байқамағандай күй танытады!! Анда санда көздерiн жай ғАна ашып, қай жерге келгенiн қарап қояды да, бир есiнеп ары қарай өтiрiк ұйықтауға кiрiседi. Жүктi әйелдерге көбiнесе қыз балалар орын беретiнiн байқадым. Сонда нағыз жiгiттер қазiргi таңда азайып бара жатқаны ма?!!
