Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по г. Алматы (далее — Департамент) в акимате Бостандыкского района города Алматы с участием депутатов маслихата г. Алматы, сотрудников аппарата акима
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігінде Алматы қаласы маслихатының депутаттары, Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және басқа да мемлекеттік емес ұйымдарының қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде жүргізілетін реформалар туралы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды іске асыру бойынша күшімізді біріктіру қажеттілігі жөнінде тағы да атап өтті.
Бостандық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асқар Райқұлов «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы тоқтала келе, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және Бостандық ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өз ойын білдірді.
«Родник» әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қорының директоры, Бостандық ауданының әйелдер және отбасылық демографиялық саясат істері жөніндегі аудандық комиссияның мүшесі Нина Балабаева әртүрлі мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі, мемлекеттік органдардың жұмыстарының айқындылығы мен маңыздылығына және жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды.
Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақанов 2015 жылы Бостандық ауданы мемлекеттік органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары және қылмыстары үшін тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары жөнінде мысалдар келтірілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызмет туралы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты кеңеске қатысушылардан сұрақтар мен ұсыныстар түсті. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

