ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Дәулет Калдыгужин, Алматы облысының Әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша онлайн және офлайн форматында кездесу өткізді. Кейбіреулері онлайн режимінде қосылды.
Өз сөзінде Дәулет Калдыгужин сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңалықтармен бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту туралы айтып берді.
Семинар барысында алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы аталып, кездесуге қатысушыларға комплаенс институтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу және талдау құралдарын енгізуі туралы ақпарат берілді.
