ӘДЕП КОДЕКСІ - ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

«100 нақты қадам Ұлт Жоспарының 12 қадамын» жүзеге асыру мақсатында қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға сенімді арттыруға, мемлекеттік қызметтегі қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепке қайшы іс-әрекеттерін алдын алу бағытында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексі әзірленген болатын.
Соған орай бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби ауданы бойынша бастауыш партия мүшелерінің қатысуымен Әдеп кодексін сақтау және оны ұстану мақсатында, ZOOM платформасында онлайн конференция өтті.

Басқосу барысында партия мүшелері Әдеп кодексінің негізгі саласы: жүріс-тұрыс ережесі бойынша ойларын ортаға салды. Осыған сәйкес, «нұротандықтар» партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыт-бағдарын ұстануы, ұлттық заңнаманы сақтауы және қадірлеуі, қазақстандық патриотизмді дамытуы, партиялық тәртіпті бұлжытпай орындауы, сонымен қатар көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық жүріс-тұрыс нормаларына сай болуы тиіс.
Партия мүшелері партиялық тәртіпті сақтау, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыт-бағдарын ұстануы, ұлттық заңнаманы сақтауы және қадірлеуі, қазақстандық патриотизмді дамытуы, партиялық тәртіпті бұлжытпай орындауы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерін қарастырды.
