Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘДЕП КОДЕКСІ — ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Темірлан, Қажымұқан, Шұбар, Шұбарсу, Бадам, Бөржар, Қараспан, Жеңіс, Төрткүл, Қарақұм, Бөген, «Бөрте», «Ордабасы құс» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері «Партия мүшелерінің Әдеп кодексін сақтау» тақырыбында жиындар өткізді.

🔸🔸🔸

Жиын барысында жыл басынан бері партияға мүшелікке өткен азаматтар туралы баяндалды. Сонымен қатар, партияның Жарғысы мен Әдеп кодексін әрбір партия мүшесі ұстануы қажет екені ескертілді. Бұған қоса, «Nur Otan» партиясының 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндалып, отырысқа қатысушылар тарапынан пікірлер айтылды.

🔹🔹🔹

Басқосуда партия мүшелерінің Әдеп кодексін қатаң сақтайтыны мәлім болды. Кодекс 5 негізгі сала бойынша 19 жүріс-тұрыс ережесін қамтиды. Осыған сәйкес, «нұр-отандықтар» партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыт-бағдарын ұстануы, ұлттық заңнаманы сақтауы және қадірлеуі, қазақстандық патриотизмді дамытуы, партиялық тәртіпті бұлжытпай орындауы, сонымен қатар көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық жүріс-тұрыс нормаларына сай болуы тиіс.

0
0
157

Еще по теме

ӘДЕП КОДЕКСІ — ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ - Yvision.kz