Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сандибек Нұрбаев партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ойыл аудандық аурухана қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткер медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша "Nur Otan" партиясының алға қойған міндеттері мен жоспарларына кеңінен тоқталды. Қазіргі сәттің өзекті мәселесіне айналған коронавирустық инфекция туралы ашық талқылау болды. Осыған орай партия алға түрлі міндеттер қойып отыр. Олардың қатарында Инфекцияның таралуын азайту жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктердің санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкестігін тұрақты бақылау, сондай-ақ дезенфекциялау жұмыстарын тұрақты жүргізу бар. Осы аталған мәселелер бойынша аурухана қызметкерлері де сұрақтар қойды. Кездесу соңында сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға күш салатындықтары айтылды.

Еще по теме

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz