Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ"

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалында "Денсаулық сақтау саласын дамыту» тақырыбында Жаңақорған ауданы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуді Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау саласында мемлекеттік тілді дамыту маманы Сыздықов Әбілқайыр жүргізіп отырды. «SENIM» кәсіподағының Құрылтай съезінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы құрамына мүшелік ұйым ретінде кіру туралы бірауызды шешім қабылданды, 2018 жылғы 22 маусымда «SENIM» кәсіподағы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы құрамына қабылданды. Кәсіподақтар денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің мүдделерін еңбек дауларында қорғауға ғана бейімделмеген, кәсіподақ қозғалысының конструктивті реформасы қажет, оның ішінде жалақы және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкердің мәртебесін арттыру және ауданымыздағы SENIM кәсіподағының жұмыстарымен таныстырып өтті.

0
0
262

Еще по теме