ДЕНСАУЛЫҚ – ҰЛЫ ҚАЗЫНА
Бүгін сайлау науқаны аясында Шымкент қалалық мәслихатына үміткер Нұрсұлтан Балабиев үгіт-насихат жұмыстарымен «Фармлайн» дәріханалар желісінің провизорларымен және көтерме-бөлшек сауда қоймасының жұмысшыларымен экспромт-кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайту, халықтың бақуаттылығын арттыру жөніндегі алдағы 5 жылға арналған жоспарлармен таныстырды.
2020 жылы кеңінен белең алған коронавирус індеті денсаулық сақтау жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезінде жергілікті дәріханалар қолынан келгенше халыққа дәрі-дәрмектерді жеткізіп беруге тырысты.
Медицина саласына 2 есе көп ауыртпалық түсті. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бағдарламасы денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқармақ.
Шара соңында Нұрсұлтан Балабиев дәріхана қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының қолдауымен еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері жөнінде баяндап берді.
Дәріхана қызметкерлері Партияға алғыстарын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.
«Nur Otan»: Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!
