Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕНСАУЛЫҚ-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САУЛЫҒЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Қалалық сайлауалды штабының мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Мұханбетқалиқызы, А.Исаева, Д.Унайбаев, Т.Мусаев, Р.Жапаровамен Г.Булекбаева денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесті.

Жиын барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Жаңаөзен қаласына арналған партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

"Nur Otan" партиясы бүгінге дейін халықтың денсаулығын сақтау мен оны жақсарту мәселелесін назардан тыс қалдырған емес. Осы жолы да ең басым бағыттардың біріне айналдырып отыр. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңарту, қатерлі ісік дертінің азаюы мақсатында сапалы тексеріс жүргізу, дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру және т.б. маңызды мақсаттарды алға қойып отыр.

Сонымен қатар медицина мамандарының әлеуметтік дәрежесін көтеріп, сапасын арттыру да бағдарламаға енгізілген.

Сайлау штабының мүшелері сала мамандарын алдағы сайлауда белсенді болуға және"Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

0
0
113

Еще по теме

ДЕНСАУЛЫҚ-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САУЛЫҒЫНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КЕПІЛІ - Yvision.kz