ДЕНСАУЛЫҚ БПҰ-НЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
ДЕНСАУЛЫҚ БПҰ-НЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Кездесу барысында Бәйдібек аудандық сайлауалды бағдарламасында денсаулық саласы бойынша 2025 жылға дейінгі бағдарламасын түсіндірдім.Менің айта кетерім ауданның белсенді "Jas Otan" ЖҚ мүшелеріне алғысымды білдіремін. Партияның "Денсаулық" БПҰ-ның мүшелеріне медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділіктері туралы айтылды.
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Ауданда бейімді мамандардың тапшылығы байқалды, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар.
«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
✓Коронавирусқа байланысты шараларды күшейту жөнінде аудан әкімі, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың барлығына шектеу шараларына сәйкес жұмыстарды міндеттеп, нақты іс-шаралар жоспары жасалынады.
коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында ел арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге (гигиена, бет перделік тәртіпті ұстану, арақашықтықты сақтау);
✓оттегі концентратор, пульсоксиметр аппараттарының санын арттыруға;
инфекциялық госпитальді қажетті дәрі-дәрмек қорымен және оттегі беру аппараттарымен жабдықтауға;
науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектің қорын жасақтауға;
✓тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге;
аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің аула аралау жұмыстары күшейтіліп, жедел респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты ерте анықтау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақтылы орындауға;
✓Шыбыт, Тұрақты және Ақбұлақ елді мекендеріне медициналық тірек құрылыстарын салуға;
Шаян ауылынан 25 төсек-орынды инфекциялық бөлімшенің құрылысын жүргізуге;
✓Шаян ауылынан аусымында 250 орынды қабылдайтын емхана құрылысын жүргізуге;
✓2 елді мекенде (Жұлдыз және Теректі) орналасқан медициналық тіректі күрделі жөндеуге;
✓3 елді мекенде (Шалдар, Боралдай, Қостұра) орналасқан дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуге;
Майбұлақ пен Жарықбас елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория салуға;
медициналық ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға;
тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде елді мекендердегі медициналық тірек құрылыстарының сапасы жақсарады.
Осы бағыттарда жұмыстар атқарылады. Сіздерді 10 қаңтар күні "Nur Otan " партиясына дауыс беруге шақырамын.
#NurOtan_Baidibek
#JasOtan_Baidibek
