ДЕНІ САУ ҚОҒАМ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері Алматы қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-диагностикалық орталығы қызметкерлерімен «Дені сау қоғам – сыбайлас жемқорлықсыз » тақырыбында кездесу өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы М.А. Анапин Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының басым бағыттары және оның алдын алу шараларына қатысты мәселелерге толық түсіндірме берді.
Сондай-ақ ҚР қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің негіздері түсіндіріліп, денсаулық сақтау саласында орын алып келе жатқан кейбір сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің салдары туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу сұрақ-жауап қалпында өтті. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету – Алматы қаласындағы ең бір сұранысқа ие қызмет түрлерінің қатарында. 2015 жылдың бірінші тоқсанында осы сала бойынша 2 230 000 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл – жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтің 96.5 пайызын құрайды.
Аталмыш мекеменің бас дәрігері Светлана Елеусізқызы Сұлтанғазиева мұндай шаралардың өзекті екенін атап өтті. Кездесу барысында мекеме қызметкерлері бұдан әрі қарай да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жұмыстары бойынша қоғамдасып жұмыс жасау туралы өздерінің конструктивті ұсыныстарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді.
Аталған іс-шара БАҚ- да 31 Канал, ТАН, Алматы телеканалдарының және Алматы Ақшамы газеті қатысуымен өткізілді.
