День Первого Президента – это день исторического выбора и день народного единства и согласия.
Тұңғыш Президент күні-бұл тарихи таңдау күні және Қазақстандағы халық бірлігі мен келісім күні.
Еліміздің Тұңғыш Президенті тарихқа егемен Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысты адам ретінде, бүкіл қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке енді. 25 жыл бойы Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік үрдістер арнасында жүріп келеді. Өз жетістіктерімен, қоғамдық-саяси өмірдегі терең өзгерістерімен біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтың мойындауына ие болды және онда лайықты орын алды. Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!
