Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Дельфи ойындары

 

Дельфи ойындары - классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс түрі . Бұл  жарыс ең алдымен  жастардың шығармашылығын  дамытуға көмектеседі.  Дельфийлік ойынның  тарихы біздің эрамызға дейін, Овидия және Плутарха заманында басталған.  Ерте заманда ойындардың басқа атауы болған. Оны Пифийлік ойындар ретінде таныған. Бұл ежелгі ұлы бәйгелерді өз шығармаларында Плутарх, Овидий, Пиндар, Геродот, Гигин, Павсаний, Страбон, Диодор қолданған. Оны Пиф айдаһарын жеңу құрметіне Аполлонның өзі атаған. Кейіннен Аполлонның храмы орналасқан Дельфы қаласының құрметіне Пифилік ойындар Дельфилік деп аталатын болды. Сондай – ақ Аристотель мен Калисфеннің құрметіне жазылған жазбалардың арқасында тұрақты Пифилік ойындар б.э.д. 582 жылы басталғандығы белгілі болды. VI ғасырға қарай Грецияның Қасиетті ойындары болып бірнеше жылда бір рет қайталанатын төрт мейрам танылды олар: Пифилік, Олимпиадалық, Истминдік және Немейлілік.Ал дельфиилік ойындардың Жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды.19 елдің өкілдері штаб – квартирасы Берлинде орналасқан, халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті.

 

Дельфи ойынының мақсаты: Облыстық Дельфи ойындары арқылы байқалмай жүрген жас дарындарды  тану үшін ұйымдастырылады. 2015 жылдың 22 мамырында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығында»   өтеді. Академиялық әндерді айту,  фортепиано,  баян,  скрипка, үрмелі аспаптар, халық әнін, эстрадалық әндерді айту, эстрадалық және халық биі, театр өнері, фотография, бейнелеу өнері, журналистика,  киім дизайны бойынша  ойын барысында үздіктерді анықтайды.

 

Ал байқауға қатысушылар  2015 жылдың 15 мамырына дейін  өтінімдерін  ұйымдастырушыларға  жіберу керек.

 

 
0
1
3721

Еще по теме

Дельфи ойындары - Yvision.kz