Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘДЕБИЕТТЕГІ  ЖУРНАЛИЗМ

Әдебиетті екі рет оқып түсінесің, ал журналистиканы бір-ақ рет оқығанда түсінуге болады.

Джон Голсуорси

Қазіргі таңда қоғамда журналистиканың маңызды рөлді алып отыр деп айтсам қателеспеймін. Жалпы журналистика  - біздің көзіміз бен құлағымыз болғаны қашан. Бұқаралық ақпарат көздері бізді әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықтармен хабардар етіп отыр. Журналистика қарыштап дамыған ақпараттық технологиялар арқылы одан әрі дамып, өркендеп келе жатыр. Әдебиет пен журналистиканың айырмашылықтарына тоқталар болсам:

Әдебиет - іс-әрекеті кең, абстрактілі пән. Ал журналистика - бұл жоғары дәрежеде нақтыланған пән. Әдебиеттің негізі - қиял, журналистиканың негізі - факт. Әдебиет пен журналистика көбінесе жанрға бөлінеді, жанр арқылы ерекшеленеді.

Журналистикалық  жанр белгілі бір ұғым - репортаж, эссе.Әдебиетте: Біріншіден, кең мағынада, әдебиеттің бір түрі ретінде - драма, эпос, лирика. Екіншіден, нақты - әңгіме, роман, әңгіме.

Жанр - жазушының, журналистің шығармашылық құралы. Жанрды таңдау материалды жасаушы мен оның «тұтынушысы» арасындағы қатынас сипатын анықтайды. Тілдің ерекшелігі, кескіндемелік және экспрессивтік құралдардың болуы - мұның бәрі жанр сипатына айтарлықтай әсер етеді. Жанрлар нақты тарихи жағдайларда, нақты әлеуметтік жағдайда туындайды. Даму, жаңаның пайда болуы, ескі жанрлардың сөнуі - тарихи тұрғыдан сөзсіз үдеріс. Жаңа техникалық мүмкіндіктер көбіне БАҚ үшін жаңа жанрлардың пайда болуына әкеледі. Жанр - бұл салыстырмалы түрде тұрақты белгілердің қалыптасқан жүйесіне ие, нақты шындықты бейнелеудің тарихи анықталған түрі.

Әдебиеттегі журнализм – қазақ әдебиеті мен журналистиканың қатар дамуының дәлелі. Яғни, қазақ әдебиетінің дамуы журналистикамен тығыз байланысты. Кәсіби қазақ журналистикасы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан – 1870 жылы «Түркістан уалаяты газеті» жарық көрген күннен басталады.

XIX ғасырдағы журналдар сол кездегі әдеби орталықтың біріне айналды. Көптеген жазушылар өзінің көзқарастары мен ой-пікірлерін, туындылары мен шығармашылықтарын журналдарға жариялап отырған. Қазақ журналистикасының  да халықтың санасын оятып, дүниетанымын байытуға айтарлықтай әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші қызметі жайлы А. Байтұрсыновтың: “Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды” (Қазақ, 1898, №10) –деуі, газеттің халық үшін  әлеуметтік – қоғамдық өмір саласындағы орны мен қызметін бағалауы. Хат танымаған жан барлық ақпараттар мен заман легінен қалып отырған.  Газет барлық ақпараттар мен жаңалықтардың көзі бола білді.  Сол тұстағы әдеби журналистика – эстетиканың мектебі тәрізді. Себебі, әрбір жарық көрген туынды халыққа рухани күш пен жігер берді. Ал, қазіргі заман жазушылары туралы сөз болғанда ойға оралар Мұқтар Шаханов,  Дәурен Қуат пен Дидар Қамидов, Дүниежүзілік соғысты зерттеген Светлана Олексеевич және т.б

Ең алдымен Мұқтар Шахановтың ғұмырбаяны мен ерен істері жайлы сөз қозғасам... Мұхтар Шаханов ең алдымен халықтың мұңы мен жоғын жоқтайтын тұлға, сөз шебері, халық жазушысы. 1984-1993 жылдар аралығында «Жалын» альманағының бас редакторы болып жұмыс істеген.  Оның шығармашылығының сан алуан тақырыпта өрбіді. Мұқтар Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972),  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық Жалын журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. Сондай – ақ, КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты болды.

Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы соғыста көргендері мен үгіт – насихатын үнемі қағазға жаза жүрді. Ол өзі туралы, майданда қандай оқиғалар болғандығын, қалай соғысқандығы туралы өз еңбектері «Артымызда Мәскеу», «Бір түннің ішінде», «Біздің отбасымыз» және т.б кітаптарынан оқып білеміз. . Момышұлы өмір бойы қолбасшысы жайлы  ризашылықпен еске алады. «Артымызда Мәскеу» атты еңбегінде жауынгерлік ұстазы жайлы жазады. Панфилов дивизиясының құрамында Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың жазында майданға аттанды. Ол бүкіл аға лейтенант шенінде, соғыстың соңында полковник шенінде бүкіл ұзақ соғысты басынан өткерді. Ол взводты, батальонды, полк пен дивизияны басқарды. Мәскеудегі шайқас Момышұлының әскери өмірбаянында ерекше орын алады.

Светлана Александровна Алексиевич (беларуссиялық Святлана Александрана Алексиевич, 31 мамыр 1948 ж.т., Станислав, Украина КСР, КСРО) - кеңестік және беларуссиялық жазушы, журналист, деректі фильмдердің сценаристі. Ол орыс тілінде жазады. Алғашқы беларуссия және әдебиеттегі алтыншы орыс тілді Нобель сыйлығының лауреаты (2015).

Ең әйгілі - оның «Соғыста әйелдің бейнесі жоқ», «Мырыш ұлдары», «Чернобыль дұғасы», «Екінші қолды уақыт» атты көркем және деректі проза жанрындағы кітаптары. Алексиевичтің шығармалары кешегі КСРО мен посткеңестік дәуірдің өміріне арналған, оларға жанашырлық пен гуманизм сезімдері сіңген.

Жалпы алғанда, журналистика мен әдебиет бір-бірімен тығыз байланысты деп ойлаймын.

Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екі ұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Ал, әдебиетке келер болсақ, әдебиет – көркем сөз бен стиль ғана емес, бұл – жалпыадамзаттық мәдениет. Қазіргі таңда болашақ журналистерге қазақ әдебиетін оқудың мәні мен маңызы орасан деп ойлаймын. Әдебиет арқылы кез-келген журналисттің сөздік қоры одан әрі молая түсері хақ. Сондай – ақ, қазақ әебиеті мен қазақ тарихын бойына сіңіре білген журналисттің өзіндік пікірі мен ой – санасы, көзқарасы да нақты фактілермен толыға түседі. Қазіргі таңда әдеби зерттеудің құндылығы артуда. Жалпы алғанда, әдебиет – ең алдымен, сауаттылық пен көркем сөйлеу.  Сондай – ақ, әдебиет арқылы біз болашақ журналисттер өздерінің көптеген жауапсыз сұрақтарына жауап таба біледі.

Аман Назерке Мұхтарқызы

0
0
288

Еще по теме

ӘДЕБИЕТТЕГІ  ЖУРНАЛИЗМ - Yvision.kz