ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ.
Құрметті Т.Масин және Саралжын ауылдық округінің тұрғындары!
Өздеріңізге белгілі бүгін ауылдарыңызда үлкен саяси науқан ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Жергілікті уақытпен 7:00 - 20:00 аралағында Сіз тіркелген сайлау участоктері жұмысын жасайды.
Алдағы 4 жылда ауылыңызды кім басқарып, оның өркендеуі мен дамуын айқындайтын тұлға кім болатыны ауылдың әрбір саналы азаматы үшін маңызды мәселе саналады деп ойлаймын. Сол себепті бүгінгі сайлауға қатысуға және өзіңіз таңдаған кандидатқа дауыс беру арқылы туған ауылдарыңыздың өсіп-өркендеп дамуына жетекшілік жасайтын лайықты көшбасшыны таңдауға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.
Исатай Құрмашев, "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
