Дата-журналистика
Көпшілік журналистика ұғымын жанжалдар мен қауесеттер, арандатушылық мәлімдемелерлермен байланыстырады. Өкінішке орай, бұл қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының бөлігі. Бірақ бұл бүтін журналистиканың бәрі былыққа толы деген сөз емес. Бұл салада да журналистік зерттеулер мен маңызды аналитикалық материалдар жарияланады. Оқырманға тексерілген ақпарат пен визуалды деректер ұсынатын дата журналистика саласы қарқынды дамып келеді. Оқырмандар мұндай басылымдарға сенеді. Себебі олар әр мәлімдеменің артында талданған ақпараттың көп екенін біледі. Біздің өмірімізге ақпараттық технологиялардың, интернеттің және әртүрлі гаджеттердің келуінің әсерінен ақпараттар саны біршама артты. Ғылыми институттар мен консалтингтік компаниялар оларды талдаумен айналысады және тіпті олардың зерттеулері туралы есептерді жиі жариялайды. Алайда, олардың тілі көптеген оқырмандар үшін әрдайым қолайлы бола бермейді. Статистикалық деректерді пайдалана отырып, оны аудиторияға қызықты әрі түсінікті тілмен жеткізу – дата-журналистің міндеті. Бұл ойды іс жүзінде CABAR.asia медиамектебінің маманы Зульфия Раисова дәлелдеп берді. Дата-журналистика саласында жинаған тәжірибесімен медиамектеп маманы Тұран университетінде білім алып жатқан болашақ журналистермен бөліскен болатын. Дата-журналиске қажетті қасиеттер жайлы қысқаша ақпараттан түйгенім: дата-журналист мақалаларды дайындауда шығармашылық және аналитикалық тәсілдерді қолдана білуі керек. Бір жағынан, қызықты және бейнелі түрде жазу керек. Екінші жағынан, статистика принциптерін жақсы түсіну, сандардың көптігінен қорықпау және олардың көмегімен мақалада дәлелді қалай күшейту керектігін білу. Дата-журналистің бағдарламалау туралы терең білімі болуы міндетті емес. Бірақ ол деректерді жинау мен талдаудың әдістері мен құралдарына ие болуы керек (кейде оларды өз қажеттіліктері үшін аздап өзгертеді). Сондай – ақ, ол өз жұмысында визуализацияның әр түрлі құралдарын (графикалық редакторларды, анимацияларға арналған бағдарламаларды) қолдануға мәжбүр болады. Тартымды медиа мәтінді жасау үшін білім мен талғамның үйлесімі қажет. Кездесу барысында дата-журналистика саласы жалпы түсінік қалыптасты деп айтуға толықтай негіз бар.
