Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДАРЫНДЫЛАРДЫ ДАРАЛАЙТЫН ДОДА

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ «ЕҢ ДАРЫНДЫ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Биылғы жылы өз шымылдығын алтыншы рет түргелі отырған  бұл байқауда бақ сынаушылардың қарасы қалың. Еліміздің түпкір-түпкірінде болашақ журналистерді баптап жатқан  оқу орындарының үмітін арқалап келген 12 команда өзара кім мықтыны анықтауда. Сайыс қатысушылары байқаудың бірінші күні «Журналистика» мамандығының білімгерлері үшін міндеті түрде оқытылатын 4 профильдік пәннен тест тапсырып, білімдері байқап көрді. Ал, екінші турында байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қауқарын танытпақ. БАҚ-ның сан саласы бойынша жиған біліммен, алған тәжірибе сыналар бұл байқауға «Егемен Қазақстан» шолушысы Айнаш Есали, «Айтуға оңай» бағдарламасының редакторы Жазира Исаева, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы, радиожурналист Нұртай Лаханұлы, блогшы, SMM-маманы Дінмұхаммед Зиядин сынды журналистиканың түрлі жанрларының өкілдері төрелік ететін болады.

   
1
0
377

Еще по теме

ДАРЫНДЫЛАРДЫ ДАРАЛАЙТЫН ДОДА - Yvision.kz