«DANCE NORD BATTLE»
Осы сенбі күні яғни, 13 тамызда сағат 16:00-де Ак. Сәтпаев, 290 көшесінде орналасқан «Алтын Орда» ғимаратында «DANCE NORD BATTLE» биден баттл өтеді. Жан-жақтан жиналған бір топ жастар заманауи биден жарысқатүседі. Қатысушылар өздерінің бар өнерлерін салып, мықтылықтарын айқындайды.
Жарыстың негізгі мақсаты – жаңа дарынды жастар өкілдерін айқындау, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, жастар арасында заманауи спорттық билерді насихаттау, қоғамдық және мәдени ортада жаңа есімдерді көпшілікке таныту болып табылады.
Аталмыш би жарысында әділқазы алқасындаСемей қаласының өкілі Александр Лалетин - SANCHO. Аталмыш іс-шараға өзге елдердің қалаларынан да қатысушылар жиналады.

