Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА НАСИХАТТАДЫ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Умирбеков Канат Елемесұлы Киелтас ауылдық окгругі тұрғындарымен кездесті. Киелтаста өткен шарада нұротандықтар сайлау науқанындағы барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне жан-жақты тоқталды. Мұндағы мақсат – ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ 1) Экономикалық тұрақты аудан; 2) Ыңғайлы аудан; 3) Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан; 4) Жастарға арналған аудан; 5) Мәдениеті мен тарихы бай аудан; 6) Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; 7) Қауіпсіз аудан.

Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.

Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды ауыл тұрғындарына түсіндірді.

1
0
115

Еще по теме

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА НАСИХАТТАДЫ - Yvision.kz