Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

1 Экономикалық тұрақты аудан;

2 Ыңғайлы аудан;

3 Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;

4 Жастарға арналған аудан;

5 Мәдениеті мен тарихы бай аудан;

6 Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;

7 Қауіпсіз аудан.

Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АУДАН

«Nur Otan» партиясының бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз

Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Төлеби ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз. Алдағы 5 жылдықта мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 4,9 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 35 га алма бағын отырғызу жобасы. Жаңа жұмыс орны – 15, қуаттылығы жылына 875 тонна алма («Керемет Агро групп» АШӨК);

 Саумал-сауықтыру кешенінің құрылысы. Жаңа жұмыс орны – 10, қуаттылығы – 100 орын (жеке кәсіпкер З.Қарабеков);

 80 га жерге шие отырғызып, консервілеу цехын іске қосу. Жаңа жұмыс орны – 45. Қуаттылығы 3600 тонна шие және 4000 тонна консервіленген өнім («Қазығұрт бақтары» АШӨК);

 15 га жерге жүзім егу, көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын ашу. Жаңа жұмыс орны – 25. Қуаттылығы 300 тонна жүзім өндіру және тәулігіне 5 тонна жеміс-жидек (ЖК Танабаев Сабыржан);

 1,8 мың бастық мал бордақылау алаңын ұлғайтып, 3 мың басқа жеткізу. Жаңа жұмыс орны – 40. Қуаттылығы 360 тонна ет өндіру («АДС Агро Групп» ЖШС);

 Ленгір машина жасау зауытын жаңарту. Жаңа жұмыс орын – 250. Қуаттылығы жылына 2 млрд. теңгеге металл өнімдерін өндіру («ЛМЗ» ЖШС).

Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 35,2%-ға артады, 385 жаңа жұмыс орны ашылады, жалақы 135 мың теңгеге өсіп, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға төмендейді.

Аудан тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауданның артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 күрделі жөндеуді қажет ететін 5 каналдың жобасын қаржыландыру мәселесін шешу арқылы, 1100 га жерді жақсартуға (Айналма-Киелітас, Таш-қайнар, Қызыл ұзын-Қорған, Таш оң жақты-Тасарық, Р-3А-Оңтүстік);

 «Ақбастау» және «Қарақуыс» су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, қаржыландыру мәселесін шешуге;

 ауылдық округтер аумағындағы жайылымдар мен егістік жерлерді өзгерту арқылы суармалы жерді қосымша 700 га дейін ұлғайтуға (9754 қолда бары);

 Бадам ағашы көлемін 2025 жылы 320 га-ға жеткізуге (45 га қолда бары);

 2025 жылы тамшылатып суаруды ұлғайтудың көлемін 2500 га жеткізуге (1300 га қолда бары);

 жылыжай көлемін қосымша 15 га ұлғайтуға (19 га қолда бары);

 қарқынды бау көлемін қосымша 625 га ұлғайтуға (379 га қолда бары);

 ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа нысандарын ашуға жағдай жасауға;

 ірі қара мал басын 68,3 мыңға дейін көбейту арқылы мал шаруашылығының дамуына;

 жылқы басын 34,5 мың басқа жеткізіп, қымыз өндіру көлемін арттыруға;

 бес жыл ішінде асыл тұқымды мал басының үлесін арттырып, мүйізді ірі қара мал үлесін 3,5%-ға, қой үлесін 7,0%-ға жеткізуге;

 жайылым жер мәселесін заң аясында шешуге;

 жоспарланған іс-шаралардың нәтижесінде 2025 жылы алынатын өнім көлемін мал шаруашылығында 1,5 есеге, егін шаруашылығында 1,6 есеге арттыруға ықпал етеді.

 ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2400 тонналық 5 қойма жұмыс жасауда. Қосымша қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу және қуаттылығын арттыру бағытында Кемеқалған а/о «Қазығұрт бақтары» АШӨК және Тасарық а/о ЖК «Танабаев Сабыржан» жеміс-жидек өнімдерін өңдейтін кәсіпорынды ашып, жанынан қосымша 1500 тонналық қойма құрылысын салып, 2021 жылға пайдалануға беруді жоспарлауда.

 Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді қолға алып, экономикалық тұрақтылықты қамтамсыз ету мақсатында 2025 жылға дейін ауданда ұн өнімдерін шығаратын 2 кәсіпорынның өнімін («Ақмаржан ЛТД» ЖШС, «Аққұм астық» ЖШС) қосымша 2000 тоннаға, сүт өнімдерін өңдейтін 2 кәсіпорынның өнімін (Фуд Мастер Шымкент» ЖШС, («Балмұздақ» ЖШС) 3500 тоннаға, ет өнімдерін өңдейтін кішігірім 1 кәсіпорын өнімін («Балмұздақ» ЖШС) 50 тоннаға, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өңдейтін 1 кәсіпорын өнімін (ЖК «Рысбаев Белес») 150 тоннаға және өсімдік майын өңдейтін 1 кәсіпорын өнімін (Бағдаулет-1» ЖШС) 80 тоннаға қосымша арттыруға жұмыс жасаймыз.

Нәтижесінде аудан бойынша 1220 азамат өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігі 120-%-ға дейін артады.

Кәсіпкерлерді қолдаймыз

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты.Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты.

Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 Жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен

8 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 61 азаматқа грант ұсынуға;

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған жыл сайын 290-ге жуық азаматтарға 130 стартап гранттар мен 90 жобаға бойынша несие алуына жағдай жасауға (мал шаруашылығына, балық, құс өсіруге, кәсібін кеңейтуге);

 Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес кеңесші» курсымен жыл сайын 220-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға;

 «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 265 жобаны несиелендіруге;

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 20 жаңа жобаларды ұсынуға, ірі кәсіпорындардың сервистік қызметпен (құрал жабдық, азық-түлік және т.б.) қамтитын шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта бизнестің үлесі 24%-ға дейін артып, кәсіпкерлер саны 8,7 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 18,0 мыңға жетеді.

Туризмді дамытуды қамтамасыз етеміз

Ауданымыз географиялық тұрғыдан таулы аймақта орналасқан. Мегаполис саналатын Шымкент қаласына шекаралас орналасуына байланысты, қолда бар инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, туризм саласын қарқынды дамытып келеміз.

Туризм саласын дамытуда «Nur Otan» партиясы:

 туризм саласының қызметкерлеріне семинар-тренингтер ұйымдастырып, өткізуге;

 туристік демалыс аймақтарының санын 90 жеткізуге;

 келуші туристердің санын 36,7 мың адамнан 80,5 мың адамға жеткізуге;

 тау шатқалдары, өзен бойлары мен зиярат ететін орындардың бағыттарын анықтап, туристерге жаңа бағыттар жасауға;

 бағыттар бойында инфрақұрылымдарды дамытуға;

 қымыз өндіретін тұрғындарды анықтап, бағыттар бойларында орналастыруға;

 ауданымыз таулы аймақ болғандықтан тауға баратын жолдарды абаттандыруға, оның ішінде:

• 2021 жылы Кенесарық елді мекеніндегі орталық көшесінің 3,3 шақырымын абаттандыру;

• 2022 жылы Қасқасу ауылдық округі Қасқасу елді мекеніндегі ұзындығы 4,7 шақырым орталық көшесін абаттандыру;

• 2023 жылы Зертас елді мекенінің Шомшақты, Спатай-Андас көшелерін абаттандыру;

 «Қасқасу тау шаңғы курорты» жобасын әрі қарай қаржыландыруға ықпал жасайды.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай туристік демалыс аймақтарының саны 90-ға жетіп, 80,5 мың адам турист ретінде келеді.

0
0
139

Еще по теме

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ - Yvision.kz